KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

ШҚО-да жылыту маусымы ойдағыдай өтті

Фото: depositphotos.com

7.06.2024, 16:08 148 Ләззат Қанатқызы

Облыста 2023-2024 жылдың күзгі-қысқы кезеңі тұрақты өтті. Жылумен қамту жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, тұрғындар өткен қыстан қысылмай шықты.

Алайда, алдағы қыс мезгіліне дайындық қазірден басталып кетті. Себебі өңірде бірқатар қазандықтардың, су құбыры мен кәріз желілерінің тозығы жеткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне сүйенсек, жылыту маусымына дайындық аясында облыстық штаб құрылып, объектілерді дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген. Ал, нысандар тізіміне 3 ЖЭО, 32 аудандық және 201 дербес қазандық, 1000 шақырымнан астам жылу желілері, 5200 шақырым су құбыры және кәріз желілері, 650 шақырым электр беру желілері мен 3000 астам көппәтерлі тұрғын үй кіреді.

Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарына 20,8 млрд теңге сомасына қажетті жұмыс көлемі бекітілді. Оның ішінде жылу желілерін жаңғыртуға баса назар аударылмақ. Нақтырақ айтқанда, 6,2 млрд теңге сомасына 56,2 км желіні жаңарту жоспарланып отыр. Қаржыландыру табиғи монополиялар қаражатының және бюджет қаражатының тарифі есебінен жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар жаздың соңына дейін бірқатар жылу көздерін жөндеу жоспарланған. Ол жылу желілерінің тозуын 9,8% - ға төмендетеді.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, қатты отын дайындауға да ерекше көңіл бөлініп отыр.

- Облыстың халқын және жылу көздерін уақытылы көмірмен қамтамасыз ету мақсатында 1 847,3 мың тонна көмірді тиеп, жөнелту кестесі бекітілді. Көмір жеткізілімін бақылау күнделікті негізде жүзеге асырылатын болады, - деді ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив