KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, В
495.28 518.41 5.44

Жылу жүйелерін қысқа дайындауға 20 миллиард теңге бөлінді – ШҚО

29.05.2024, 10:24 123 Анель Слямғазықызы

Шығыс Қазақстан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында өңірлік штаб құрылып, іс-шаралар жоспары әзірленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атап айтсақ, алдағы қысқа үш ЖЭО, 32 аудандық жылу қазандығы, бюджеттік ұйымдардың 201 қазандығы, 1 мың шақырым жылу желісі, 5 мың шақырымнан астам су және кәріз желілері, 600 шақырымнан астам электр желісі, 3017 көппәтерлі үй дайындалатын болады.

– Осы жылы жалпы сомасы 20,8 млрд теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,8 млрд теңгеге артық, – деді облыс әкімдігінің мәжілісінде есеп берген энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Биыл өңірімізде 6,2 млрд теңгеге 56,2 км жылу желілері жаңартылады, бұл тозуды 5%-ға немесе 55,6%-ға дейін төмендетеді. Жылу станциялары 14,6 млрд теңгеге жөнделеді, бұл олардың тозуын 9,8%-ға азайтпақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу