KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Астанада "Көшпенділер әлемі" этноауылы ресми түрде ашылды

8.09.2024, 10:00 148 Назерке Каримова

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында "Көшпенділер әлемі" этноауыл ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Көшпенділер әлемі" этноауылы ипподромның артында орналасқан. Жалпы аумағы – 10 гектар. Қазақ ауылының басты нышаны – еліміздің 20 аймағынан әкелінген киелі су құйылатын –Тайқазан. Бұл жерде  қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен тануға мол мүмкіндік беретін 

«Көшпенділер әлемі» қазақ ауылында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мәдени бағдарламалары өтеді. Ішінде орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, аймақтардың этно-қоныстары,  шығыс базары, айтыс өтпек.

Сондай-ақ қазақ ауылында Шығыс Қазақстан облысының қолөнершілері де дүйім жұртқа өздерінің қолынан шыққан өнімдерді паш етпек.

"Көшпенділер Әлемі" этноауылында Шығыс Қазақстанның облысының киіз үйінде  патшалар жазығы Берел қорғанынан, Елеке саздың қазба жұмыстарынан табылған құнды жәдігерлерді тамашалауға болады.

- Берел, Шілікті, Елеке сазынан, көшпенділердің мәдени тұрмысынан көрініс беретін, бірегей алтыннан жасалған дүниелерді алып келдік. Келген қонақтарға шығыс өңірінің тарихы бай, тереңде екенін мол мағлұмат бермекпіз, - деді Шығыс Қазақстан облысының өлкетану мұражайының меңгерушісі Альфия Нұрланқызы. 


Айта кетейік елорда тұрғындары, қонақтар мен ойындарға қатысушылар үшін «Көшпенілер әлемінде» өтетін барлық мәдени іс-шараларды тамашалау тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу