KZ
Өскемен
-14°
туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Көшпенділер ойындары қайда және қалай өтеді?

Фото:  Астана қаласының әкімдігі
Фото:  Астана қаласының әкімдігі
24.07.2024, 09:45 160 Ержан Әбіш

8-13 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден екі мыңнан астам адам қатысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Ойындар үш бағыт, яғни спорт, мәдениет және ғылым бойынша өтеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының инфрақұрылымына елордалық 6 нысан кірді: «Астана-Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз айдыны сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені, «Думан» кешені.

«Қазанат» ипподромында және Этноауыл аумағында ат жарысы, дәстүрлі садақ ату және құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері бойынша жарыстар, сондай-ақ ат жарыстары өтеді. Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы мен «Алау» мұз айдыны сарайында ұлттық күрес, жекпе-жек және халық ойындары бойынша жарыстар, «Думан» кешенінде дәстүрлі зияткерлік ойындар өтеді. «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде аккредиттеу және жабдықтау орталықтары орналасатын болады.

Ойындардың ғылыми бағдарламасының іс-шаралары Ұлттық музейде өтеді.

Оңтүстік-батыс жағынан «Қазанат» ипподромына іргелес 10 га аумақта орналасқан «Көшпенділер әлемі» этноауылы ВИК мәдени бағдарламасын іске асыру үшін басты алаң болады, сондай-ақ мәдени бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар Астананың түрлі алаңдарында (алаңдар, саябақтар, скверлер, басқа да қоғамдық кеңістіктер, театрлар, концерт залдары, кинотеатрлар, мұражайлар, көрме павильондары және т.б.) өтеді.

Спорттық бағдарлама спорттың 21 түрін қамтиды. Оның ішінде:

* Асық ату

* Ордо

* Арқан тартыс

* Бәйге

* Көкпар

* Аударыспақ

* Теңге ілу

* Қазақ күресі

* Ашыртмалы аба гүреши

* Кореш (белбеу татар күресі)

* Көкборуу

* Алыш

* Мас-ресилинг

* Powerful nomad (алыптар сайысы)

* Тоғызқұмалақ (тоғызқорғұл)

* Мангала

* Овари

* Жамбы ату

* Дәстүрлі садақ ату

* Құсбегілік

* Құраш (өзбек күресі)

Ойындарда 100-ге жуық медаль жиынтығы ойнатылады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу