KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Бір аптадан соң V дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады

t.me/AMANATPartiyasy

1.09.2024, 20:00 69 Назерке Каримова

2800-ге жуық спортшының басын қосатын этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары елордада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оған 89-дан астам мемлекеттен 2800-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылу салтанаты «Қазанат» ипподромында өтеді. Спорттық бағдарлама көшпелі халықтардың ұлттық ойындарына негізделген. Қатысушылар ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20-дан астам түрі, ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілімі бойынша сайысқа түседі.

V ДКО инфрақұрылымына 6 елордалық нысан кірді: «Астана Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. «Алау» мұз сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешені, «Думан» кешені.

«Көшпенділер әлемі» этноауылында Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары және мәдени іс-шаралар  ұйымдастырылады. Сонымен қатар Ұлттық мұражайда этноспортты дамытудың түрлі аспектілері зерттелетін «Көшпенді халық: тарих, таным, тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив