Қыран болмысты қазақтың сайын даласында “Шығыс салбурыны” фестивалі басталды
Республиканың шығыс өңірінде “Шығыс салбурыны - 2024” фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған республикалық “Құсбегілер” федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы, облыстық спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов, шетелдік саятшылар, фестиваль қонақтары қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz.
Бастапқы сөзді алған Бағдат Мүптекеқызы қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, биыл Бозанбайда өтіп жатқан бүркітшілердің халықаралық фестиваліне 30 сұңқар мен 30 тазы ит, 80 бүркіт қатысуда. Оған еліміздің түпкір-түкпірінен және Ресей, Венгрия, Қытай, Моңғолия мемлекеттерінен келген құсбегілер мен итбегілер қатысып, бақ сынасуда. Бұл дүбірлі дода барысында 30 киіз үй тігілді.
Ажар Мұратқызы