KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Бағдат Мүптекеқызы: ШҚО-да құсбегілік өнер қанатын кеңге жайып келеді

25.11.2023, 13:16 563 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс салбурыны – 2023» халықаралық фестивалі өтіп жатыр.

 

Түз тағыларының алғырлығы мен қырандығы бірінен бірі өтеді. Сайыс барысында бағы жанып, бабы келгені ғана қанжыға майламақ. Десе де, қырандардың ішінде талай фестивальда биікті бағындырып, құсбегінің қанжығасына жеңісті байлап бергендері баршылық екен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Шығыста өтіп жатқан халықаралық фестивальда ҚР Құсбегілік федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы түз тағыларының сайысына төрелік етіп жүр.

  

– Шығыс Қазақстан облысында құсбегілік өнер қанатын кеңге жайып келеді. Бозанбай ауылында бастапқыда облыстық деңгейде өткен жарыс, биыл облыс әкімінің қолдауымен халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Осы ауылдан шыққан Айзере Маркс атты жас бүркітші қыз өткенде үлкен халықаралық жарыста жеңіске жетті. Бұл осы өңірде құсбегілік өнерді дамығанының бір дәлелі болмақ. Бозанбай ауылындағы Маркс бастаған бүркітшілер өнердің дамуына үлкен үлес қосып отыр, – дейді Бағдат Мүптекеқызы.


 Шығыстағы ұлттық өнерді ұлықтап, дамуына бір кісідей атсалысып жүрген «Шығыс-Алтай» Бүркітшілер федерациясының президенті Тәттімбет Кәпұлымен фестиваль барысында пікірлесіп, бүгінгі құсбегілік өнерді тілге тиек еттік. 

 

 
– Соңғы жылдары құсбегілік өнер қанатын кеңге жайып келеді. Алтай мен Тарбағатай нағыз қырандардың мекені ғой. Сондықтан да бұл өлкеде құсбегілік өнерді дамытудың маңызы зор. Біз бабалардан қалған бұл өнерді кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Сол себепті де әр жерде бүркітшілер фестивалінің өтуіне атсалысып жүрміз. ШҚО, соның ішінде Ұлан ауданы бұл бастаманы қолдап, міне, үшінші жыл фестиваль өтікізіп жатыр, – деді Тәттімбет Кәпұлы.


Иә, Алтайдың түз тағысының мекені екені жұртқа мәлім. Бұл - туризмге арқау болуға сұранып тұрған өнер. Ол мақсат орындалып та келеді. Соның бір дәлелі – биылғы «Шығыс салбурыны – 2023».

 

Айта кетсек, фестивальға 75 бүркіт, 30-дан астам сұңқар мен ителгі қатысып жатыр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив