Бағдат Мүптекеқызы: «Шығыс салбурыны» – туризмнің мықты тетігі (видео)
«Шығыс салбурыны» фестивалі осы өңірдегі туризмді дамытудың мықты тетігіне айналмақ. Тілшілермен кездескен республикалық «Құсбегілік» федерациясының вице-президенті, этнограф Бағдат Мүптекеқызы осылай деді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Біздің мақсат – «құсбегілік» ұлттық спорт түрін, тазы жүгірту, бүркіт салу, сұңқар салу, асау үйрету, садақ ату өнерінің бұқаралық сипат алуына ықпал ету және халықаралық деңгейде дамытуға күш салу. Фестивальдің өтуіне облыс әкімі Ермек Көшербаев қолдау көрсетіп отыр, – деді Бағдат Мүптекеқызы.
Биылғы «Шығыс салбурыны» фестивалі ерекше тойланбақ. Алдағы уақытта осындай дүбірлі додаға қатысушылардың құстарын тасымалдау мәселесін шешу де жоспарланып отырғанын атап өткен жөн.
– Осы облыстан шыққан қазақтың құсбегілік дәстүрін күллі әлемге паш еткен бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызын ерекше атап өткім келеді. Біз оның болашағынан зор үміт күтеміз, – деді Бағдат Мүптекеқызы.
Ажар Сағатбекова
Оқи отырыңыз