KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Шығыс салбурыны жақындап келеді

22.11.2023, 12:00 268 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бүркітшілердің халықаралық фестивалі 24-25 қараша күндері Ұлан ауданының Бозанбай ауылында өтеді. 


«Шығыс салбурыны-2023» халықаралық бүркітшілер фестиваліне бірнеше мемлекеттен құсбегілер келіп қатысып, қырандарының бағы мен бабын сынға салады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Құсбегілер мен ұйымдастырушылар 23 қараша күні Бозанбай ауылына жиналып, мандаттық комиссия өткізіп, жеребе тартады. Сол күні фестивал қатысушылары қырандары мен қаршығаларын және тазыларын тіркетеді. 


Ал 24 қараша күні фестиваль салтанатты түрде ашылып, қырандарды іріктеу және жартылай финал жарысы өтеді. Бұл күні қырандар аң аулау, шырғаға салу, қолға шақыру бойынша сайысқа түседі. 


Келесі 25 қараша күні финалға шыққан құсбегілер нағыз қыранды анықтайтын болады. Сонымен қатар білекті жылқышылар асау үйретіп, итбегілер 1000 метрге тазы жүгіртеді. 


Фестивальдің соңғы күні жүйрік тазылар, қыран бүркіттер мен үздік итбегілерді және құсбегілерді марапаттайтын болады. 


Біз бұған дейін «Шығыс салбурыны – 2023» фестиваліне Моңғолия, Қытай, Түркия, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен бүркітшілер қатысатынын жазған болатынбыз. Биылғы бүркітшілер фестиваліне 600-ге жуық шетелдік турист қатыспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив