Шығыс Қазақстанда ҚҰСБЕГІЛІК ФЕДЕРАЦИЯСЫ құрылады
Биыл Шығыс Қазақстанда “Құсбегілік федерациясы” құрылады. Бұл туралы “Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалі аясында шығысқазақстандық құсбегілердің өкілі Арайлым Сарипова мәлім етті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
“Бүгінгі айтулы додаға 21 ителгі, 70 бүркіт, 13 қаршыға қатысуда. Бабы мен бағы келіскен құсбегілер жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз. Бұл фестиваль осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Шығыс Қазақстан әр тараптан құсбегілерді шоғырландыра білді, салбурынның саяқ іс-шара емес, дәстүрлі әрі ауқымды оқиға екенін мойындатты. Сол себептен де осы облыста Құсбегілік Федерациясын құрылмақ”, - деді Арайлым Сарипова.
Тарихта тұңғыш рет құрылатын аталмыш федерацияның президенттілігіне Бағдат Марксұлы тағайындалады деп күтілуде.
Ажар Мұратқызы
Оқи отырыңыз
Бағдат Мүптекеқызы: «Шығыс салбурыны» – туризмнің мықты тетігі (видео)Бағдат Мүптекеқызы: ШҚО-да құсбегілік өнер қанатын кеңге жайып келеді"Шығыс салбурыны": Көк тағыларының көркем сайысыШҚО-да «Шығыс салбурыны» халықаралық бүркітшілер фестивалі өтедіҚыран болмысты қазақтың сайын даласында “Шығыс салбурыны” фестивалі басталды