KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

«Зерде» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті

13.11.2024, 15:30 108 Гульжан Мусина

Өскемен қаласында облыстағы 2-7 сынып оқушылары арасында өткен зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.

Облыстық білім басқармасы және Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы бірлесе ұйымдастырған іс-шара 12 қарашада Ахмер ауылындағы №49 орта мектебінде өтті. 

Конкурстың мақсаты - оқушылардың зерттеушілік, оқу-танымдық белсенділігін дамыту әрі қолдау, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу.

Облыстың барлық аймағынан келген 400-ден астам жас зерттеушілер, яғни қалалық және аудандық кезеңнің жеңімпаздары 12 секция бойынша байқауға қатысты. 
  
Зерттеу жұмысына қызығушылық танытқан дарынды оқушылар филология, тарих, техника, жаратылыстану ғылымдары, сонымен қатар медицина және психология, технология және өнер, туризм және спорт салаларында өз жұмыстарын ұсынды.

Қатысушылардың жұмыстарын облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарынан құралған қазылар алқасы бағалады.
Нәтижесінде 209 оқушы жүлделі орындарды иеленіп,  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

Бірінші орын иегерлері алдағы уақытта өтетін республикалық білім сайысына қатысуға жолдама алды.

- «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізген жеңімпаз оқушылар мен оларды білім сайысына дайындаған мұғалімдерді, ата-аналарды жетістіктерімен құттықтаймын. Облыстың әр өңірінен қатысқан барлық қатысушыларға табыс тілеймін. Білім бәсекесіне қабілетті дарынды оқушыларымыз көбейе берсін, - деді Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры Гаухар Рахымжанова.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу