KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО: «Математикалық регата» олимпиадасында кімдер жеңіске жетті?

сурет: depositphotos.com

5.03.2024, 16:12 157

«Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде облыс орталығындағы арнайы бейінделген білім ордаларының ұстаздарымен қатар Күршім, Алтай аудандарының математик мұғалімдері  жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы  математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Олимпиаданың мақсаты: педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға облыстың және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 14 педагогы қатысты.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша:

І орын - Әнуарбеков Тынышбек Сұлтанбекұлы, «ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация» лицейі» КММ;

ІІ орын - Семенюк Лариса Юрьевна, Алтай ауданы «Октябрь орта мектебі» КММ;

ІІІ орын - Мұрзаканова Арай Қабдылқызы, Күршім ауданы «Маралды орта мектебі» КММ;

ІІІ орын - Кованова Ирина Николаевна, Өскемен қаласы «Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі» КММ дипломдармен марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздары (төрт педагогтан тұратын команда) ағымдағы жылдың 26-27 наурызында Өскемен қаласында өтетін «Математикалық регата» олимпиадасына республикалық кезеңіне қатысады.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу