Өскеменде қылмыс деңгейі төмендеді
2023 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Сол жағалау ауданы пробация қызметі мамандары барлығы 6 қылмыстық істі тіркеді. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен едәуір төмен екенін көрсетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қалалық Сол жағалау полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Ерлан Қасымханов пробация қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын барысында "бас бостандығын шектеу" санатындағы есепте тұрған тұлғаларды бақылауды күшейту мәселесі талқыланды.
Жиынды қорытындылаған Ерлан Қасымханов, қоғамдық тәртіпті қадағалау және қылмыстың алдын алу шаралары жергілікті полиция қызметінің басты бағыттарының бірі болып қала беретінін және бұл жұмыстардың қарқынды түрде жалғасатынын атап өтті.
Ажар Сағатбекова