Бұрын сотты болған 45 семейліктің балаларына мектеп жиынтықтары табысталды
Сотты болып, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп шыққандар қоғам назарынан тыс қалмауы қажет. Осыны мақсат тұтқан Пробация қызметі бұрын сотты болған және есепте тұрған азаматтардың балаларына мектеп жиынтықтарын тарту етті.
– ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметі «Антарес А» қоғамдық қорымен бірлесіп Семей қалалық пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға арнайы қызмет көрсету жобасын іске асыруда, - деп хабарлады ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет капитаны А. Жаспанов
Ол аталмыш жоба аясында бұрын сотты болып есепте тұрған 45 азаматтың балаларына мектеп жиынтықтарының сыйға тартылғанын атап өтті.