ШҚО-да пробациялық есепте тұрған адамдарға көмек көрсетілді
depositphotos.com
Пробациялық есепте тұрған азаматтарға азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі дәрі-дәрмектер тегін берілді. Мұндай игі шараны Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сол жағалау ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінің мамандары ұйымдастырды.
– Пробациялық есепте тұрған адамдарға психологиялық жағынан және заңгерлік тұрғыдан көмек көрсетіледі. Ең бастысы, олардың қоғамға сіңісіп, бұдан соң мұндай теріс жолға түсіп кетпеуі үшін қолдан келгенін жасаймыз, – деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Сол жағалау ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінің майоры Азамат Кулубаев.
Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық шарасы осы департамент қызметкерлерінің жеке қаражаты есебінен ұйымдастырылды.
Ажар Мұратқызы
Оқи отырыңыз