KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
515.25 535.91 5.18

ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу шаралары: жол қозғалысы шектелді

Pexels.com

Бүгін, 09:00 125 Төлеуғазы Жансая


«ОблШығысЖол» ЖШС 2024 жылдың 26 желтоқсанында сағат 10:00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» автомобиль жолының 30-37 шақырымында қар көшкінін алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты барлық көлік түрлеріне арналған қозғалыс уақытша тоқтатылады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Жол қозғалысын жабу/ашу жұмыстарын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының көшкінге қарсы жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізуге жауапты жетекшісі Нұрахмет Т. басқармақ.  

Қозғалыс қатысушыларына түсіністік танытуды және уақытша қолайсыздықтарға дайын болуды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу