Ольга Рыпакова: Басты міндетім – елімізде жеңіл атлетиканы биік деңгейге көтеру
25 қаңтарда Астана екінші мәрте әлемдік жеңіл атлетиканың орталығына айналды. Жеңіл атлетикаға арналған Qazaqstan спорт кешені II Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes алтын деңгейіндегі ауқымды жарыстарымен World Athletics Indoor Tour Gold 2025 халықаралық жеңіл атлетика сериясы бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жанкүйерлер асыға күткен бұл шараның алдында жеңіл атлетиканың әлемдік және қазақстандық жұлдыздарының, сондай-ақ халықаралық және отандық федерациялардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Олимпиада чемпионының айтуынша, спорттық нысандардың әлемдік жеңіл атлетика стандарттарына сай келуі, жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру, қазақстандық төрешілердің кәсібилігі World Athletics тарапынан жоғары бағаланған. Осыған байланысты федерацияға халықаралық жарыстарды, оның ішінде жабық кешендегі жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын өткізу туралы ұсыныстар жиі түсіп тұрады.
Жарыс нәтижелері бойынша биіктікке секіруде қазақстандық спортшы, ел чемпионы Елизавета Матвеева 1 метр 88 сантиметр көрсеткішімен қола медальды жеңіп алды. Алтын жүлдені жапондық Нагиша Такахаши иеленсе, күміс француз спортшысы Жикель Соленге бұйырды.
Астанадан кейін жеңіл атлетиканың World Athletics Indoor Tour Gold сериясы әлемнің тағы 8 қаласына ат басын бұрады. Серияның финалы алдағы 28 ақпанда Мадрид қаласында өтеді.
Ержан Әбіш