KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Ольга Рыпакова: – «World Athletics» комиссиясында Қазақстанның атынан сөз сөйлеймін

22.11.2019, 11:49 238

Ольга Рыпакова халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Атлеттер комиссиясының мүшелігіне тағайындалуына байланысты пікірін білдірді.

– Басқа емес, дәл осы жеңіл атлетиканы «спорт ханшайымы» деп бекерден-бекер атамайды ғой. Жыл өткен сайын әлемде аталған спорт түрінен өткізілетін байрақты бәсекелер саны көбеюде. Жеңіл атлетикада көптеген талантты жас өсіп келе жатыр. Олардың өнерін тамашалаудың өзі бір ғанибет. Ал менің «WorldAthletics» атлеттер комиссиясына мүше ретінде қабылдануым – зор мәртебе. Өйткені бұл әлемде өткізіліп жатқан барлық жарыстарды ұйымдастырып, жеңіл атлетика федерацияларын басқарып отыратын жаһандық деңгейдегі ұйым. Ені міне, осындай ірі ұйымның мүшесі болып, өз ұсыныстарымды енгізуге мүмкіндік алып отырмын. Спорт әлемін жақсарта түсу үшін қолдан келген көмекті аямаймын. Өзіммен бірге комиссияға қабылданған әріптестерімді де осы тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс тілеймін. Бірлесіп көп игі іс тындырамыз деп сенемін. Бірінші кезекте спортшылардың құқықтарын қорғауға күш жұмсаймыз. «WorldAthletics» комиссиясында Қазақстанның атынан сөз сөйлеп, шешім қабылдайтын боламын. Өзіме артылған сенімді ақтауға тырысамын, – деп жазды Олимпиада чемпионы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) кезекті кеңесінде атлеттер комиссиясының алты мүшесі тағайындалып, олардың қатарына біздің жерлесіміз О.Рыпакова да енген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив