KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, СБ
521.6 534.27 5.25

"Қарағанды – Аягөз – Боғас" тас жолы жөнделмек

pixabay.com

Бүгін, 10:30 57 Төлеуғазы Жансая

2025 жылы Қазақстанда жаңа магистральдар құрылысы мен 13 мың шақырым жол жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында 2025 жылы жөндеу жұмысы 13 мың шақырым жолды қамтитынын айтты.

Жаңа жобалар бойынша құрылыс маусымы басталғанға дейін мердігерлерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер өткізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 94%-ды, ал жергілікті жолдарда – 91%-ды құрайды,- делінген хабарламада.

Бұл жұмыстар аясында Шығыс Қазақстан облысында да маңызды жол жобалары жүзеге асырылатын болмақ. Негізгі жобалар:

  • Қалбатау – Майқапшағай (405 км). Бұл жоба аясындағы құрылыс жұмыстары жалғасуда. Халықаралық маңызы бар бұл жол облыстың көлік байланысын жақсартып, өңірлік экономиканың дамуына серпін береді.
  • Қарағанды – Аягөз – Боғас (452 км). Бұл жол жөндеу көрмегеніне 30 жылдан астам уақыт болған. Жоба аясында толықтай қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

2025 жылдың соңында республикалық жолдардың жағдайы 94%-ға, жергілікті жолдар – 91%-ға жақсарады. 2029 жылға дейін елімізде 3 мың шақырым жолды реконструкциялау жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу