KZ
Өскемен
-15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
516.77 542.87 5.33

Елімізде көлік қатынасын жақсартуға арналған ауқымды жобалар жүзеге асуда

istockphoto.com

Бүгін, 09:00 123 Төлеуғазы Жансая

2024 жылы Қазақстанда 12 мың шақырым жолға құрылыс, жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның 7 мың шақырымы пайдалануға берілді. Жолдардың сапасын арттыру аймақтар арасындағы көлік байланысын жақсартып, жол жүру уақытын қысқартты,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жергілікті маңызы бар жолдарды дамытуда аймақтарда белсенді жұмыс атқарылып, жолдардың нормативтік жағдайы орташа есеппен 89%-ға жетті. Жол құрылысына отандық материалдардың үлесі 96% құрады, бұл жергілікті кәсіпорындардың дамуына ықпал етті.

Ірі инфрақұрылымдық жобалар қатарында көпірлер, тоннельдер және теміржол өткелдері бар. Бұл нысандар көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, үш ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып, транзиттік әлеуетті арттыруға жағдай жасалды.

2025 жылы елімізде жаңа жол жобалары кезең-кезеңімен іске асырылады. 31 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Жаңа 4,7 мың шақырым жолдың 3,7 мыңы – I санатты болады. Негізгі жобалар:

  • Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)
  • Қарағанды – Жезқазған (572 км)
  • Сарыағаш айналма жолы (102 км)
  • Қызылорда айналма жолы (20 км)


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу