Орта Теректідегі дамбыны жөндеудің жоба-сметалық құжаты әзірленбек
Шығыс Қазақстанның Марқакөл ауданы, Орта Теректі ауылындағы су қоймасына орта есеппен алғанда, 3,2 текше метрге дейін су жиналады. Былтыр қардың көп болуына байланысты су деңгейі 8 текше метрге дейін жеткен болатын. Жылда мамыр айында Шығыста су деңгейі күрт көтерілетіні белгілі. Сол себепті, аудандардағы су қоймаларының сыйымдылығы, техникалық жағдайы облыс басшылығының назарында, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың Марқакөлге іссапары барысында Орта Теректі өзеніндегі су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары қажеттігі айтылды. Осыған орай жоба-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл мақсатта 53 млн теңге қарастырылған.
Ауданда қар суынан келер қауіптің алдын алуға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері де сақадай-сай отыр.
Арайлым Орсаринова
Фото: Нелли Петенева