KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Тарбағатайдағы 34 білім беру мекемесі жөндеуден өтеді - басқарма басшысы

27.02.2020, 06:12 267

 

Бүгін Ақжардағы мәдениет үйінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен жиын өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Жиында облыстағы басқарма басшылары баяндама жасайды, алдағы жоспарларымен бөліседі. Сайрангүл Жұмаділова Тарбағатай ауданының білім саласына қатысты біршама цифрларды атап өтті.

Айтуынша, ауданда 73 білім беру мекемесі бар, оның ішінде:  49 мектеп, 20 балабақша жұмыс істеп тұр.

 Тарбағатайдағы білім беру жүйесін дамыту мақсатында  алдағы 5 жылда облыс бюджетінен 1 475 млн. теңге қарастырылған. 2020-2021 жылдары 8 білім беру мекемесінің күрделі жөндеу жұмыстарына 747,6 млн. теңге бөлінген.

 Биыл Ш.Уалиханов орта мектебіне күрделі жөндеуге 261,5 млн теңге және келер жылы– 5 мектеп, 2 балабақшаны күрделі жөндеуге 486,1 млн теңге қарастырылған.

 2020-2024 жылдары 34 білім беру мекемесіне жалпы құны 676,7 млн теңге сомасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 - 2020 жылы- 6 мектепке 120,3 млн теңге қарастырылды. Құйған орта мектебіне-34,7 млн теңге, Сасан би атындағы орта мектебіне-25,7 млн теңге, Ақмектеп орта мектебіне -22,9 млн теңге, Қ.Ақынов атындағы орта мектебіне-19,0 млн теңге, Ы.Кәбеков атындағы орта мектебіне-10,0 млн теңге, Д.Қонаев атындағы мектеп-балабақша кешеніне-8,0 млн теңге, деді ШҚО білім басқармасының басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу