KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
495.2 522.34 4.94

Марқакөлде су тасқынына байланысты жағдай тұрақты

29.03.2024, 20:30 162

Марқаның таулы аймақтарында қардың қалыңдығы әлі де болса 2,5 метрге жетеді, ал күн райының салқын болуынан ауданның елді мекендеріндегі қар баяу еріп жатыр. Су тасқыны қаупі төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Марқакөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рүстембек Кемешевтің айтуынша, бүгін арнайы комиссия Теректі өзеніндегі осы өңірдегі жалғыз су қойма - Ортатеректінің жағдайын кезекті рет бақылап қайтты. 

- Бұл гидротехникалық ғимаратқа 1,55 млн текше метр су сыяды. Қазін ондағы судың мөлшері 500 текше метр ғана, яғни су қоймасының үштен бір бөлігі ғана толған. Ал ондағы судың беті әлі де мұз болып жатыр. Дегенмен қауіпсіздік үшін жоғарғы апаттық су жібергіш ашық тұр. Еріген қар суының артық мөлшері өзенге ағып жатыр, - деп түсіндірді Рүстембек Кемешев.

Оның айтуынша, қазір Марқакөл ауданында су тасқынына байланысты жағдай тұрақты. Өңірде ауа температурасы күндіз 7 градусқа дейін жылынса, түнде - 1 градусқа дейін нөлден төмендейді. Сондықтан қар біртіндеп еріп жатыр, қарғын судан келер қауіп жоқ.

Айта кетейік, жаз маусымында аталған су қойма таулы егіс алқаптарын және жайылым жерлерді суаруға, сондай-ақ жайлаудағы малды суаруға қолданылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу