KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
510.49 527.29 5.27

Қазақстан халқының несиесі 20,7 триллион теңгеге жетті

pixabay.com

Кеше, 18:00 124 Төлеуғазы Жансая

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының несиесі 20,7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Бір ай бұрын, яғни 2024 жылғы 1 желтоқсанда азаматтардың кредиттері 20,3 трлн теңге болған еді.

Агенттіктің мәліметінше, халыққа берілген кредиттер 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 трлн теңгеге жеткен. Былтыр желтоқсан айында несиелердің көлемі 1,7%-ға өскен. Десе де 2023 жылмен салыстырғанда (26,7%) бәсеңдеу бар.

"Халыққа берілетін кредиттер құрылымында ипотекалық несие 2024 жылы 14,5%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6%-дан 30,2%-ға дейін ұлғайды. 2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2 пайыздан баяулап, 33,5%-ға немесе 13,8 трлн теңгеге дейін өсті. Желтоқсанда өсім 1,9% болды", – делінген хабарламада. 



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу