KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Халықтың несиесі 18 триллион теңгеге жетті

Фото: depositphotos.com

2.07.2024, 10:24 104 Айжанат Бақытқызы

Оның ішінде несие алушылар жалпы сомасы 716 млрд теңге болатын несиені жаба алмай жүр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар. Оның 11-і шетелдің қатысуымен, 8-і еншілес банк.

– 2024 жылдың мамырында екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 1,4%-ға 29,5 трлн теңгеге дейін (жыл басынан бері 5,6%-ға өсу), оның ішінде ұлттық валютада 1,4%-ға 27,2 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 1,8%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 92,0%-ды құрады, – делінген хабарламада.

Бизнеске берілген несие

Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2024 жылғы мамырда 1,5%-ға 11,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,9%-ға 9,7 трлн теңгеге дейін өсті. Оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне қарыздар 0,1%-ға 5,6 трлн теңгеге дейін, ірі бизнеске қарыздар 1,9%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жеке кәсіпкерлерге берілген кредиттер бір айда 5,3%-ға 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайған.

2024 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне 1,4 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 10,6%-ға артық.

Халыққа берілген несие

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы мамырда 1,3%-ға ұлғайып, 18,0 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 7,8%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 1,7%-ға 11,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ ипотекалық кредиттеудің 0,5%-ға 5,5 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты.

Уақтылы жабылмай жатқан несиелер

1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторында мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі несие портфелінің 3,2%-ын немесе 1,0 трлн теңгені құрады.

Бизнеске берілген қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі 2,2%-ды немесе 283 млрд теңгені, халыққа берілген кредиттер бойынша 4,0%-ды немесе 716 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 72,3%-ды құрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу