Қазақстандықтардың қарызы 24 триллион теңгеге жетті
pixabay.com
Қазақстандағы несие борышы көлемі тағы да жаңа көрсеткішке жетті. Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, ел азаматтарының жеке тұлға ретінде рәсімдеген несиелерінің жалпы сомасы 2025 жылдың басында 24,1 триллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22,9%-ға өскен,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстандықтардың несие портфелінің басым бөлігін кепілсіз тұтынушылық несиелер мен ипотекалық несиелер құрайды.
-
Кепілсіз тұтынушылық несие:
Бұл санаттағы қарыз көлемі 11,7 триллион теңгеге жетіп, бір жылда 22,9%-ға өсті. Тұтынушылық несие – тұрғындар арасында ең кең таралған несие түрі болып отыр. -
Ипотекалық несие:
2025 жылдың басына қарай ипотекалық несиелердің көлемі 6,7 триллион теңгені құрады. Жылдық өсім – 14,1%.- Ипотекалық келісімшарттар саны 9,9%-ға артып, 627,6 мыңға жетті.
- Қарыз алушылар саны 600 мың адамға жуықтап, 10,3%-ға өсті.
- Қазіргі таңда ипотекалық портфельдің 60%-ға жуығын 2023 және 2024 жылдары алынған жаңа несиелер құрайды.