Халықтың мойнында 17,5 трлн теңге, бизнесте 11,1 трлн теңге несие бар
2024 жылғы наурызда екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 0,9%-ға (28,7 трлн теңге) ұлғайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 0,3%-ға 11,1 трлн теңгеге дейін азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 0,9%-ға 9,5 трлн теңгеге дейін азайды.
Жеке кәсіпкерлерге берілген кредиттер 3,0%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Бизнесті несиелендірудің төмендеуі ірі қарыз алушылардың қолданыстағы қарыздарын өтеуге, баланстан тыс шоттарға проблемалық несиелерді есептен шығаруға байланысты болды.
2024 жылғы наурызда бизнес субъектілеріне 1,3 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 12,3%-ға артық.
Халыққа берілген кредиттер 1,7%-ға ұлғайып, 17,5 трлн теңгені құрады. Оның өсуі ипотекалық кредиттеудің 0,7%-ға, тұтынушылық қарыздардың 2,1%-ға өсуіне байланысты.
Бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі 19,3%, халыққа берілген несиенің сыйақысы 19,1%-ды құрады.