Өскеменде жастардың қауіпсіздігіне бағытталған рейд өтті (видео)
Өскеменде «Қауіпсіз қала» акциясы аясында Amanat партиясының жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ШҚО филиалының белсенділері ШҚО Полиция департаменті қызметкерлерімен бірге қаланың ойын-сауық орындарына рейд жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз мұндай мекемелерде болмауға тиіс, сондай-ақ кальян өнімдерін тұтынуға тыйым салынған.
Акция аясында тексерілген мекемелердің келушілері де, қызметкерлері де белсенділердің жұмысына түсіністікпен қарады, ешқандай агрессия немесе теріс реакция байқалған жоқ. Полиция өкілдері өз кезегінде мекеме қызметкерлері мен қонақтарына кальян өнімдерін сату және пайдалану, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына қатысты заңнамалық талаптарды түсіндіріп, профилактикалық әңгіме жүргізді.
Осындай акциялар – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы маңызды шаралардың бірі.
Ержан Әбіш
Фото/видео: Данияр Сағидолдин