KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
488.53 531.91 5.68

ШҚО-да «Еңбек жолы» конкурсына өтінім қабылдау басталды

Кеше, 16:46 150 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсы жарияланды. Байқау еңбек адамын ұлықтау, тәжірибелі мамандар мен еңбек әулеттерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Конкурс үш номинация бойынша өтеді:
✅ «Үздік еңбек әулеті» – бірнеше буыннан тұратын, еңбек өтілі ұзақ, марапаттары мол еңбек әулеттеріне арналған.
✅ «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – 20 жылдан астам тәжірибесі бар, жастарды оқыту мен тәрбиелеуде үздік нәтижелер көрсеткен тәлімгерлер бақ сынайды.
✅ «Өндірістің үздік жас маманы» – еңбек жолын жаңа бастаған, жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, белсенді жас мамандар қатысады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 1 шілдеге дейін.
Байланыс нөмірлері: 55-68-11, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы).
Мекенжай: Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, 3 қабат, 306 кабинет, Жұмыспен қамту бөлімі.
✉ Эл. пошта: g.kabayeva@!akimvko.gov.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу