KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1,1 м/с, Ю
439.4 473.54 4.76

Еңбек күніне орай концерт өтеді - Өскемен

19.09.2023, 17:39 256

Өскемен қаласында еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында өткен «Еңбек жолы» байқауының қатысушыларына құрмет көрсетіледі. 

Мерекелік шара барысында байқауда номинация иеленген қатысушыларды марапаттайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Дәлірек айтқанда, байқау «Үздік еңбек отбасы», «Еңбек жолындағы жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациялары бойынша өтеді.

Сонымен қатар мерекелік шарада «Еңбек жолы» байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздарынан басқа еңбек ардагерлері мен өндіріс озаттары да марапатталады.

Іс-шараға қаланың шығармашылық ұжымдары, әртістер мен басқа да өнерпаздар қатысады. «Тұран» этно-фольклорлық тобы арнайы шақырылған.

Мерекелік шара 20 қыркүйек күні «Ертіс концерт» мекемесінде өтеді. Басталуы – 15:30-да.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив