KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Республикалық «Еңбек жолы» конкурсына өтінім қабылдау басталды

10.05.2023, 14:52 422 Ләззат Қанатқызы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсы өтетенін жариялайды.

«Еңбек жолы» конкурсы «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша өткізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкері қатыса алады.

Айта кету керек, жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері қабылданады.

Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және

- 1 орын үшін – 1 000 000 (миллион) теңге;

- 2 орын үшін – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

- 3 орын үшін – 200 000 (екі жүз мың) теңгенің ақшалай сертификаттары беріледі.

Конкурс туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады:

- ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, Өскемен қ., Киевская көшесі 1, g.kabayeva@akimvko.gov.kz электронды мекенжайы, 8/7232/569849 телефоны.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу