KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
496.41 542.77 6.05

ШҚО-да екі ірі медициналық нысанның құрылысы аяқталуға жақын

17.03.2025, 19:17 142 Төлеуғазы Жансая

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтай барысында Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше назар аударды. Өңірде қайтарылған активтер есебінен екі ірі медициналық нысан – Өскемендегі гематология орталығы мен Риддердегі көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.

Гематология орталығы – ШҚО-да медициналық туризм кластерін дамытуға мүмкіндік беретін бірегей медициналық мекеме. Мұнда екі заманауи ангиографиялық жүйе орнатылады. Қазіргі уақытта республикалық және шетелдік клиникалар деңгейінде мамандар даярланып, 35 маман, оның ішінде 13 дәрігер оқытылды.

Риддердегі көпсалалы аурухана моноқала тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан болмақ. Бұл қала тұрғындарына сапалы медициналық көмекті өз өңірінде алуға мүмкіндік береді. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Денсаулық сақтау басқармасына жаңа мекемеге кадрлар даярлау және іздестіру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Айта кетейік, Риддерде гемодиализ кабинеті жұмыс істейді, сондықтан бүйрек патологиясы бар науқастар Өскеменге бармай-ақ қажетті ем қабылдай алады.

Облыс әкімі атап өткендей, Президент тапсырмасымен алдағы үш жылда Шығыс Қазақстанның барлық аудандық ауруханалары жөндеуден өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу