29 дәрігер біліктілік арттыру үшін Израильге аттанды - ШҚО
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі гематология орталығы үшін мамандар даярлау мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Бұл орталық бірегей көпфункционалды медициналық мекеме болмақ, онда заманауи диагностикалық, зертханалық және басқа да жабдықтар орнатылады.
Әкімнің айтуынша, оның тілін түсінетін медициналық қызметкерлеріміздің болуы шарт.
- Осыған байланысты мен денсаулық сақтау басқармасының басшысына штаттық кесте құруды тапсырдым. Кестеге сәйкес дәрігерлер мен қызметкерлерді медициналық техниканың белгілі бір түрлерімен жұмыс істеуге үйрету қажеттілігі қарастырылады. Нәтижесінде орталық ашылғаннан кейін бірден толықтай жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Біздің оқу бағдарламамыз бойынша 29 дәрігер біліктілігін арттыру үшін Израильге аттанды, - деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, 29 дәрігердің бірнешеуі балалар онко-гематологиясы бойынша жұмыс істейтін болады. Басқа мамандар Санкт-Петербург, Минск клиникалары мен университеттеріне оқуға барады.
- Өз кезегінде біз 4-ші қалалық аурухана базасында гематология орталығының қажеттілігіне орай ковидтік бөлімшелер мен стационарларда жұмыс істеген медбикелерді қайта оқыту үшін "мектеп" ашамыз. Осылайша, бұл медициналық мекемеде жоғары технологиялық жабдықтар ғана емес, білікті қызметкерлер де болады, - деп қосты Даниал Ахметов.