ШҚО оқушылары халықаралық робототехника олимпиадасында жүлделі орын иеленді
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Түркияда өткен халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болып, әлем чемпионатына жолдама ұтып алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2025 жылдың 15–16 наурызы аралығында Астана қаласында өткен “Fibonacci International Robot Olympiad” халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңінде ШҚО оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, Түркияның Анталья қаласында 16–20 сәуір күндері өткен халықаралық кезеңге жолдама алған болатын.
“Fibonacci EuroAsia Robot Olympiad” халықаралық сайысында өңірдің жас дарындары келесі жетістіктерге қол жеткізді:
-
LEGO Line бағыты – 3 орын
-
Арнұрұлы Алихан — Өскемен қаласы №16 мектеп
-
Дәулеткер Мансұр — Өскемен қаласы №43 мектеп
-
Сейілқан Әли — Өскемен қаласы №43 мектеп
-
-
Mini Sumo бағыты – 3 орын
-
Өмірханов Абай — Өскемен қаласы №24 мектеп
-
Бижігітов Арсен — Өскемен қаласы №27 мектеп
-
-
Arduino Line бағыты – 5 орын (TOP-5)
-
Бақберді Санжар — Өскемен қаласы №19 мектеп
-
Зейнелов Амир — Өскемен қаласы №16 мектеп
-
Жасөспірімдердің бұл жетістігі — өңірдегі білім сапасының, техникалық шығармашылық пен дарынды балаларды қолдаудың нақты көрсеткіші. Олимпиада барысында қатысушылар түрлі робототехникалық жобаларды әзірлеп, практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Фото: ШҚО Білім басқармасы



