KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Жеңіл атлетика бойынша облыстық турнир өтті – ШҚО

Фото: gov.kz

24.05.2023, 14:25 287

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған жеңіл атлетика бойынша республикалық арнайы олимпиаданың облыстық турнирі соңына жетті. Байқау 23 мамырда Өскемен қаласындағы О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығының базасында өткен.

Жарысқа медициналық-әлеуметтік мекемелер (МӘМ) мен арнайы мектептердің 12-15, 16-21 жас аралығындағы 64 спортшысы қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – арнайы олимпиадалық қозғалысты насихаттау, спортпен айналысуға мүмкіндігі шектеулі спортшыларды тарту, оларды әлеуметтендіру.

Мәлімет бойынша, турнир жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, доп лақтыру және эстафета бойынша Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сай өткізілген.

Қорытынды бойынша 12-15 жас аралығында І орынды Риддер қаласы №7 арнайы мектеп-интернатының командасы, ІІ орынды Өскемен қаласы №8 арнайы мектеп-интернатының командасы мен Алтай ауданы №1 арнайы мектеп-интернатының командасы, ІІI орынды Өскемен қаласы арнайы мектебінің командасы мен Алтай ауданы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының командасы иеленді.

Ал 16-21 жас аралығында І орын Алтай ауданы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының командасына, ІІ орын Өскемен қаласы жасөспірімдер үйінің командасына, ІІI орын Өскемен қаласы №8 арнайы мектеп-интернатының командасына бұйырды.

Жүлделі командаларға диплом, ойыншыларға медальдар табысталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив