KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

ШҚО оқушылары республикалық «Абай оқуларында» жүлделі болды

Фото: Шығыс Дарыны

18.06.2024, 12:36 109 Айжанат Бақытқызы

Абай облысында өткен мектеп оқушылары арасындағы ХХV республикалық «Абай оқуларында» Шығыс Қазақстан облысының оқушылары жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 131 оқушы қатысты.

«Абай оқуларына» қатысушылар алты номинация бойынша сайысқа түсті.

Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, ақтық сайысқа байқаудың облыстық кезеңінің алты жеңімпазы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған шығысқазақстандық оқушылар:

  • ІІ орын - Айғаным Балғабаева, Аяулым Каманова (Зайсан ауданы);
  • ІІІ орын - Әлижан Тоқтаубаев, Жібек Исабекова (Өскемен қаласы).

Білім министрлігі «Дарын» орталығының грамотасы Ақжібек Серікқызына (Зайсан ауданы) табысталды.

Жеңімпаздар ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив