KZ
Өскемен
-13°
туман жел 2 м/с, С
498.65 589.06 6.49

Шығыс Қазақстанда 37 градус ыстық болады

18.05.2025, 08:30 647 Төлеуғазы Жансая

18 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, облыс аумағында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады. Әсіресе, облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде бұршақ пен дауыл күтілуде. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Күндіз ауа температурасы айтарлықтай көтеріліп, 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскемен қаласында да найзағай мен бұршақ күтілуде. Желдің екпіні 18-23 м/с-ке жетуі мүмкін. Қала тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын мұқият сақтау ескертілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу