KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
502.57 591.68 6.42

ШҚО-да бүгін аптап ыстық болады

pexels.com

3.08.2024, 12:00 460 Назерке Каримова

Күндіз 35 градус қатты ыстық әрі кей өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Казгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 3 тамызда күндіз облыста найзағай, батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Өскемен қаласында да күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу