KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Ертең 39 градусқа дейін ыстық болады

Фото: blvesti.ru

14.07.2023, 21:00 232 Мадина Амангелдіқызы

15 шілдеде Шығыс Қазақстан аумағында аптап ыстық сақталады.

ШҚО ТЖД ауа райына байланысты дауыл туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 15 шілдеде түнгі уақытта облыстың солтүстігінде, шығысында, ал күндіз басым бөлігінде найзағай болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл, оңтүстігінде шанды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Аймақтың басым бөлігінде аптап ыстық әлі де сақталады. Ертең сынап бағаны 35-39 градусты көрсетеді деп болжанып отыр.

Төтенше жағдай қызметі өңірде өрт қаупі жоғары екенін ескертеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив