KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
505.17 599.54 6.59

Ауылға мектеп керек: Тарбағатайда білім беру жобалары жүзеге асуда

Фото: ШҚО білім басқармасы

25.06.2025, 19:00 259 Әбішев Ержан

Тарбағатай ауданында 2025 жылы білім беру саласында 3,5 млрд теңгеден астам қаржыға 14 жоба іске асады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл Тарбағатай ауданының білім беру саласына айрықша көңіл бөлінуде. Аудан бойынша 2025 жылы жалпы сомасы 3 млрд 486,5 млн теңгеге 14 жоба қолға алынып отыр. Бұл – болашаққа бағытталған нақты қадам.

Соңғы екі жылда ауданның бірнеше ауылында жаңа мектептер пайдалануға берілді. 2023-2024 жылдары Шеңгелді, Шолақорда және Тәуке ауылдарында жаңа білім ошақтары бой көтеріп, оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы жағдай жасалды.

Ал биыл Сарыөлең ауылында жаңа мектеп құрылысы басталды. Бұл шешім қоғамда түрлі пікір туғызғанымен, жергілікті билік оның стратегиялық маңызын атап отыр.

– Халық болған соң әртүрлі пікір айтылады. «Аз ғана тұрғыны бар ауылға мектеп салудың қажеті қанша?» дейтіндер де бар. Бірақ 20 оқушы болса да, біз сол ауылдың болашағына үлес қосуға міндеттіміз. Сарыөлеңде қоныстануға ыңғайлы, жақсы жағдай жасалған үйлер бар. Қазір оңтүстік өңірлерден көшіп келгісі келетін көпбалалы отбасылар қызығушылық танытуда. Сондықтан бұл ауылдың болашағы бар деп сенеміз, – деді аудан әкімінің орынбасары Марат Қызов ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Аудандағы тағы бір өзекті мәселе – Қыдырбек Билялов атындағы мектеп-лицейдің ғимаратына күрделі жөндеу қажет. Сондай-ақ Тұғыл ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің жанындағы қосымша ғимарат қайта жаңғыртылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу