KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Тарбағатайдағы ауылдардың бірінде жаңа мектеп бой көтереді

Фото: Тарбағатай ауданы әкімдігінен

29.05.2024, 09:36 3 224

Тарбағатай ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Шолақорда ауылында 50 орындық жаңа білім ордасы бой көтереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Былтыр  облыс әкімі Ермек Беделбайұлының Тарбағатай ауданы тұрғындарымен кездесуінде  Тәуке мен Шолақорда ауылдары тұрғындары тарапынан ауылға жаңа  мектеп ғимаратын салып беру туралы өтініш айтылған болатын. Ауыл тұрғындарының өтініші орындалып  жаңа мектеп құрылысына қаражат бөлініп, жоба мақұлданды. 

Тарбағатай ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен және тиісті мамандармен  кеңесе отырып жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталатын жерде белгіленген.

Айта кету керек, мектеп құрылысы облыстық білім басқармасы мен Тарбағатай ауданы әкімдігі және мердігер компания арасындағы үш жақты меморандум аясында жүзеге асырылмақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив