Тарбағатайдағы ауылдардың бірінде жаңа мектеп салынады
Тарбағатай ауданы әкімдігінен
Тарбағатай ауданының Қабанбай ауылдық округіне қарасты Тәуке ауылында 80 орындық жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазір бұл ауылдағы ескі мектепте 60 оқушы білім алып жатыр. Былтыр облыс әкімі Ермек Беделбайұлының Тарбағатай ауданы тұрғындарымен кездесуінде Тәуке мен Шолақорда ауылдары тұрғындары тарапынан ауылға жаңа мектеп ғимаратын салып беру туралы өтініш айтылған болатын. Ауыл тұрғындарының өтініші орындалып жаңа мектеп құрылысына қаражат бөлініп, жоба мақұлданды.
Тарбағатай ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен және тиісті мамандармен кеңесе отырып жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталатын жерді белгіледі.
Мектептің құрылыс жұмыстарына, ең алдымен, аталған ауылдың азаматтарын тартып, жұмыспен қамту жағын қарастырған.
Жаңа мектеп құрылысы Тарбағатай ауданы әкімдігі, облыстық білім басқармасы және мердігер компания арасындағы үш жақты меморандум аясында жүзеге аспақ.