KZ
Өскемен
-16°
облачно с прояснениями жел 0,4 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

«Туған жер – алтын бесігім» жобасы: Шемонаиха ауданы шақырады 

altainews.kz

17.09.2025, 10:00 218 Әбішев Ержан

 

19-20 қыркүйек күндері Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Шемонаиха ауданының мәдени күндері өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын мазмұнды әрі қызықты бағдарлама күтіп тұр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

19 қыркүйек күні сағат 10:00-де Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Гендерлік саясат және тең мүмкіндіктер: өзекті мәселелер мен шешу жолдары» атты диалог алаңы ұйымдастырылады. Сол уақытта Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапхана және жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер» атты кәсіби библио-тур өтеді. Сағат 11:00-де Арбат алаңында жас көшбасшыларға арналған нетворкинг кездесуі, ал Ертіс көпірінің астында спортшылар мен боксшылардың қатысуымен Fighting Club өтеді. Сағат 12:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында «Шемонаиха өнімдері: дәстүрлі сапа және жаңа серіктестік» атты бизнес-кейс ұсынылады. Сағат 13:00-де Жастар ресурстық орталығында аудан әкімі жастармен кездесіп, «Жастар – аудан дамуының тірегі» тақырыбында пікір алмасады. Сағат 14:00-де Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Абай әлемі: рухани мұраға сапар» атты кәсіби библио-тур өтеді.

Кешкі сағат 18:00-де облыстық филармонияда Шемонаиха ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері, жергілікті шеберлер мен суретшілердің еңбектері, сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы жетістіктері ұсынылатын көрме ұйымдастырылады. Іс-шара соңында «Туған жер – алтын бесігім» атты концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылады.
20 қыркүйек күні таңғы сағат 8:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының алаңында жәрмеңке және концерттік бағдарлама өтеді.

– Отбасыңызбен және достарыңызбен бірге келіп, жаңа әсерге, пайдалы кездесулерге және жарқын көңіл күйге бөленіңіздер! Сіздерді күтеміз! – дейді ұйымдастырушылар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу