Өскеменде Күршімнің мәдени күндері өтеді
29-30 қыркүйек күндері «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында кезекті ауданның мәдени күндері өтеді.
Облыс орталығындағы Күршім ауданының мәдени күндері 29 қыркүйек күні сағат 11.00-де Арбаттағы концерт пен «Күз сыйы» дастархан көрмесінен бастау алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сол күн кешкі сағат 18.00-де «Ертіс концерт» залында Күршім ауданы өнерпаздарының Гала – концерті ұйымдастырылмақ.
- 30 қыркүйек күні сағат 8.00-ден бастап «Fresh Market» фермерлік гастрономының жанында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, ауданы өнерпаздарының концерті мен әртүрлі спорттық шаралар (қол күресі, гір көтеру, арқан тарту, қошқар көтеру) өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына палау, бауырсақ пен ыстық шай таратылады, - делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.
Осы күні сағат 10.00-де «Алтай» стадионында аудан тумаларының командалары арасында кіші футболдан жарыс, Жекпе-жек сарайында аудан тумаларының командалары арасында волейболдан жарыс өтеді.
Оқи отырыңыз