KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Өскеменде Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді

Фото: Аяужан Утеулинова

7.11.2024, 11:30 441 Гульжан Мусина

8-9 қарашада Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтпек. Іс-шара қонақтарын көрмелер, концерттер және спорттық шаралар күтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

8 қараша күні сағат 15:00-де Ертіс концертте бағдарламаның ашылуы өтеді. Ол ардагерлер арасында тарихқа, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге арналған «Қазақша Quiz» зияткерлік ойынымен басталады.

Сағат 17:00-де халық қолөнеріне және тарихи-мәдени мұраға арналған көрме ашылады, ал 18:00-де ауданның шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.

9 қараша күні сағат 8:00-де «Шығыс Алтай» СОО алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен концерт ұйымдастырылады, ал сағат 10:00-де Арбатта «Ақжар» ансамблінің шоуы және өнер мұражайында суретшілердің шеберлік сағаттары өткізіледі.

Тағылымды шара 9 қарашада спорттық ойындармен аяқталмақ. Көрермендерге дәстүрлі жарыстар ұсынылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу