KZ
Өскемен
-14°
небольшая облачность жел 0,7 м/с, В
502.57 591.68 6.42

Өскеменде Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

e-history.kz

31.10.2024, 12:00 430 Төлеуғазы Жансая

Құрметті облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді «Туған жер - Алтын бесігім» жобасы аясында өтетін Күршім ауданының мәдени күндеріне арналған іс-шараларға шақырамыз!

1 қараша күні сағат 18:00-де «Ертіс» концерт залында Күршім мен Марқакөл аудандарының өнерпаздары Гала-концерт ұсынады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.

2 қараша күні таңғы сағат 8:00-ден бастап Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» жаңа көтерме-бөлшек сауда орталығында Күршім мен Марқакөл аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Күршім өнерін тамашалап, арзан бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға асығыңыздар!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу