Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді (видео)
Фото: ortcom.kz
Құрметті шығысқазақстандықтар!
«Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында 6-7 желтоқсан күндері Өскемен қаласында Алтай ауданының мәдени күндері өтеді.
Бағдарламада:
6 желтоқсан күні, сағат 11:00-де Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Алтай ауданының әкімі Ренат Тлеуханұлы Курмамбаевтың түлектермен кездесуі.
Сағат 17:00 -де Протозанов көшесі , 43 мекен-жайы бойынша жергілікті суретшілердің, қолөнершілердің шеберлік сабақтары мен көрмесі және ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіледі.
Сағат 18:00-де "Ертіс концерт" залында Алтай ауданының шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің қатысуымен концерт өтеді.
Сағат 19.00 - де Өскемен қаласы, Стаханов көшесі, 3а мекен - жайында Алтай ауданы әкімінің кубогына футзалдан турнир өткізіледі.
7 желтоқсан күні, 08.00-де Жібек жолы, 6 мекен-жайындағы «Шығыс Алтай» сауда- саттық алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі, сондай-ақ жәрмеңке барысында байқаулар мен спорттық іс-шаралар өтеді.
Барлықтарыңызды Алтай ауданының күндеріне шақырамыз!