Жерлесіміз Ажар Төлеуқанова садақ атудан ДКО бақ сынамақ
Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Шығыс Қазақстан облысынан спорттың 3 түрінен 20 қатысушы бақтарын сынамақ. Соның ішінде құралайды көзге артқан мерген қыз- Ажар Төлеуқановада бар. Садақ атудан ҚР құрамасының мүшесі Ажар, қазір Астана қаласында байрақты бәсеке алдында, дайындығын пысықтау үстінде. 2018 жылдан садақ атуды хоббиі ретінде көрген ол, бүгінде кәсіби түрде шұғылданып келеді. Жетістіктері де жоқ емес. 2023 жылы ҚР чемпионатында 3 орынға, сол жылы Ұлттық спорт түрлерінен өткен VI Фестивальде 3 орынға ие болса, 2024 жылы ҚР кубогында да қола медальды қанағат тұтты. Елімізде тұңғыш өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жоғары жетістікке жетсем деп ағынан жарылды.
“Көшпенділер ойынына қатысу үшін ел ішінде өткен іріктеу жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп, лицензияға ие болып, ұлттық құраманың мүшесі атандым. Қазір күніне екі уақыт дайындық жүргіземіз. Шеберлігімізді шыңдаймыз. Құрама сапында 10 садақшы бар, 6 ер 4 әйел. Астана қаласынан 6, Атырау 1, Шымкент 2, Шығыс Қазақстаннан өзім жалғыз. Көшпенділер ойындарында біз 3 нысана бойынша жарысатын боламыз. 9 қыркүйек күні Пута нысанасы (60/70 метр), 10 кыркүйек күні Қалқан нысанасы (50/60 метр), 11-12 кыркүйек күні Жамбы нысанасы (30 метр) қатысатын боламын. Бізді қолдап, жанкүйер болуға шақыркмын” ,- деді Ажар Төлеуқанова.