KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
504.34 556.34 5.97

Шығыс Қазақстан облысынан «Бірлік керуені» Астанаға аттанды

31.08.2024, 12:00 228 Назерке Каримова

30 тамыз күні  Шығыс Қазақстан облысында  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған маңызды іс-шаралардың бірі – «Бірлік керуенін» Астана қаласына шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Бұл керуеннің сапары, Көшпенділер ойындарының басты нышаны және негізгі элементі – Су символымен тығыз байланысты. Осы рәсім  Өңірдің ең әсем жері Катонқарағай ауданында орналасқан Көккөл сарқырамасынан торсыққа су алудан басталды. Су 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында маңызды орын алмақ.

«Бірлік керуені» Өскемен қаласына келіп, қалың жұрт сәт сапар тілеп, байрақты бәсекеге шығарып салды.

Құрметке ие болған керуен Астанаға қарай жолға шықты. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында әр өңірдің батырлары өздері алып келген қасиетті суды бір қазанға құйып, бұл елдің бірлігін, тұтастығын және өзара ынтымақтастығын көрсететін болады.

Айта кетейік 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Шығыс Қазақстан облысынан спорттың 3  түрінен 20 қатысушы бақтарын сынамақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу