KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Бүгін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

qarmaqshy-tany.kz

9.12.2023, 13:40 446 Назерке Каримова
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні жыл сайын 9 желтоқсанда аталып өтеді.
Бұл күн 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы ақпараттандыруды арттыру және осы құбылыспен күресу үшін халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру мақсатында белгіленді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Закон. кз сайтына сілтеме жасп. 

Сыбайлас жемқорлық - бұл өмірдің әртүрлі салаларын, соның ішінде саясатты, бизнесті, білім беру және басқа салаларды қамтитын құбылыс. Бұл қоғамның институттарға деген сеніміне, дамуға нұқсан келтіреді және теңсіздікке әкеліп соғады. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні мемлекеттерге, үкіметтерге, ұйымдар мен азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ұстанымдарын бірауыздан білдіруге және осы саладағы тәжірибе мен идеялармен алмасуға мүмкіндік береді.

2023 жылы осы зұлымдықпен күресудің тиімді және пәрменді құралы болып табылатын БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының қабылдануына 20 жыл толуы атап өтіледі. Бас Ассамблеяның қарарында көрсетілгендей, аталған халықаралық күнді белгілеудегі мақсат сыбайлас жемқорлық проблемасын, конвенцияның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы және оған қарсы күрестегі рөлін түсіндіруді тереңдету болып табылады.

Бұл күннің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық проблемасына жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ оның алдын алу, онымен жаһандық және ұлттық деңгейде күресу жөніндегі шараларды ынталандыру болып табылады.

Ranking.kz деректеріне сүйенсек, Transparency International, яғни сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 2022 жылы Қазақстан 180 елдің ішінде 101-ші орынға ие болып, тек 36 балл жинай алды. Ал  2021 жылы бұл ретте еліміз 37 балл иеленген еді. 

Аталған рейтингте ҚР-мен қатар тұрған елдердің бірі - Танзания (38 балл) және Малави (34 балл). Индекстеуде 0-ден 100-ге дейінгі шкала аралығы қолданылады, мұнда 0 сыбайлас жемқорлықтың өте жоғары деңгейі, ал 100 өте төмен деңгейін білдіреді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу